АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәріханаларында маска жеткілікті, күн сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Келісім бойынша өндірушілер 70 дәріханаға жеткілікті деңгейде әрі қолжетімді бағада маска жеткізіп жатыр. Кеше бұл дәріханаларда 144 мың маска болса, бүгін 250 мыңға жуық. Келісім бойынша бір адамға он данадан артық берілмейді және үш қабатты медициналық маска – 87, фильтрі бары 111 теңгеден аспауы керек. Бұл республика бойынша ең төменгі баға. Қалада маска жеткілікті», - дейді Айзат Молдақасымова.
Сондай-ақ ол арнайы органдармен тәркіленген маскалар да медицина мекемелері мен дәріханаларға жеткізілгенін айтты.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.