АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің қашықтағы кеңсесін Алматыда ашады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұл шешімге Қазақстан Үкіметі қолдау жасады. Е. Байжүнісовтің айтуынша, енді бұл кеңсе денсаулық сақтаудың алғашқы бөлімінде инновация саласында көшбасшылық рөлді атқаратын болады.
«Бір сөзбен айтқанда, Алматы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша әлемнің 54 елі үшін астанасы болады. Және бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы біздің қаламыздан үйлестірілетін болады», - деді вице-министр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.