Алматы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды
17:04, 14 Маусым 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Рүстем Байсейітов тағайындалды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Рүстем Байсейітов тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт Басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген еді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш Басқарманың бұрынғы басшысы Наиль Нұров Алматыда 2017 жылы болатын 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының басшысы қызметіне тағайындалды. Ал бұл қызметті атқарып келген Әсет Әбдуәлиев «Алматы қаласын дамыту Орталығы» АҚ төрағасының орынбасары болып бекітілді.