Polisia.kz сайтының хабарлауынша, оқиғаның салдарынан 46 жастағы көліктің жолаушысы оқиға орынында қаза тапты. Ал көліктің жүргізушісі және 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырады.