Алматы-Екатеринбург жолының бойында 50 жолаушысы бар автобус сынды

None
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолының 545-шақырымында 50 жолаушысы бар «Сетра» автобусы сынып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ақтоғай ауданының ТЖБ құтқарушылары «Балқаш қалааралық тасымал» ЖШС мен жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстанның 48 азаматы мен 2 жүргізушіні Балқаш қаласына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

Қостанай облысында Қамысты ауданының ТЖД құтқарушылары «Қазақавтодор» РМК қызметкерлерімен бірлесіп Жайылма ауылына жақын автожолдың бойында қалған екі ірі жүк көлігін жеткізіп салды. 6 адам, 4 пони, 4 ит пен 6 жылқысы бар арнайы көліктер Денисовка ауылына жеткізді.