Алматы экономикасына «Дағдарысқа қарсы бағдарламаны» жүзеге асыру барысында 232,5 млрд. теңге инвестиция салынды

None
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- «Дағдарысқа қарсы бағдарламаны» жүзеге асыру барысында қала экономикасы екі жыл ішінде 232,5 млрд. теңгеге инвестиция алды.

Бұл туралы бүгін Алматыда 2010 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған кеңесте Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдолов айтты.

Оның айтуынша, екі жылға арналған «Дағдарысқа қарсы бағдарлама» мен «Жол картасы» ойдағыдай жүзеге асқан. "«Жол картасы» бойынша екі жыл ішінде 35,6 млрд. теңге игерілді, 769 инвестициялық жоба жүзеге асты, оның ішінде 2010 жылы - 283 инвестициялық жоба", - деді ол.

2011 жылы «Бизнестің жол картасы» жаңа бағдарламалармен толығатын болады және кадрлар даярланып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ..