АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Жас Қанат» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының» дәрігері Меруерт Көшенова онлайн брифинг барысында Алматы емханаларында ПТР-тестті кімдердің тегін тапсыра алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Емханалардағы ПТР тестілеу дәрігердің нұсқауларына сәйкес тегін жүргізіледі. Бұл жүкті әйелдер, яғни ауруханаға жатар алдында жүктіліктің 37-39 аптасында тапсырады. Сонымен қатар, жіті респираторлық вирустық инфекция, пневмония және коронавирусқа күдікті науқастар тегін тест тапсыра алады «, - дейді Меруерт Көшенова.
Сонымен қатар, ол жоспарлы немесе шұғыл ауруханаға жатқызылған адамдар үшін ПТР тест тегін екенін атап өтті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.