Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - Алматы қаласының әкімдігі мен Nicole орталығы.
Фестивальдің мақсаты - Алматыға гүл қала мәртебесін қайтару, гүл шаруашылығын жандандыру, Қазақстанның мәдени кеңістік аумағын кеңейту, Алматы тұрғындары мен қонақтарын экологиялық таза қала шеруіне тарту, жыл сайынғы гүл фестивалін өткізіп отыруды дәстүрге айналдыру болып табылады.
Мереке күндізгі сағат 13-00-де театрландырылған көрсетілімдермен басталады, оған «Королевства пластика» мен «Арт и Шок» театрының әртістері қатысады. Сонымен қатар, балалар шығармашылығының ұжымдары, «Зазеркалье» қуыршақ театры өнер көрсетеді. Шара барысында қолданбалы өнерден, граффити суреттен, көше биінен балалар үшін шеберлік сыныптар, тинейджерлер сайысы өткізілмек.
Кешке фестиваль аясында түрлі гүлдермен безендірілген машиналар, байкерлер, велосипедшілер мен музыканттардың үлкен парады ұйымдастырылады.
Кешкі бағдарламаны «Наша Казаша» жобасының жүргізушілері ашады. Кеш барысында эстрада жұлдыздары мен танымал әртістер өнер көрсетеді. Шара мерекелік отшашумен аяқталады.