Алматы халқы ең көп жол беретін құқықбұзушылықтар
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Алматы қаласының ІІД бөлімшесінің күштері 135 мың 749 хаттама толтырған, 5 миллиард 346 миллион 561 мың теңгеге әкімшілік айппұл салған, оның 4 миллиард 432 миллион 982 мың 296 теңге өндіріп алынды.
«Жергілікті полиция қызметінің бөлімшелері ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу, «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру жұмыстарын жандандыру үшін бірқатар ұйымдастырушы-тәжірибелік шаралар қабылдады. Бізге Алматының белсенді тұрғындары үлкен көмек көрсеткеніне қуаныштымыз. Ортақ күш салу арқылы заңға бағыну сапасын жақсартып, Алматы қоғамының әр мүшесі жауапкершілікті сезіне түсеріне сенімім мол», - деді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.
Сондай-ақ, мекеме ең танымал ұсақ құқықбұзушылықтар тізімін үсынды:
- 30038 адам ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзды;
- 5857 адам ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасады;
- 8944 адам ҚР ӘҚБК 204-бабы бойынша рұқсат етілмеген орындарда сауда-саттықпен айналысты;
- 4079 адам ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша иттерді асырау ережелерін бұзды;
- 5857 адам ҚР ӘҚБК 437-бабы бойынша тыныштықты бұзды;
- 7508 адам ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша көшелер мен қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде жүрді;
- 10717 адам ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша, қоғамдық орындарда шылым шекті;
- 3513 адам ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі сауық орындарынан табылуына немесе түнгі уақытта жалғыз жүруіне жол берді;