«Қазір әуежайдағы жағдай бірқалыпты. Барлық қызметтер шатттық режімде жұмыс істеп жатыр. Ұшақтардың ұшып келу және ұшып кету кестесіне ешқандай нұқсан келмеген. Рейстердің ешқайсысы кідірген жоқ», - деп жауап берді авиациялық қауіпсіздік қызметінен.
Айта кетелік, бүгін таңғы сағат 08:00-де әуежайдың қол жүктерді алу аймағында қараусыз жатқан сөмке жайында хабар таратылған болатын. Алматы қ. ІІД көліктегі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл арада оқиға орнына тергеу-опертивтік тобы жеткен. Аумақ қоршауға алынып, әуежайдың қызметкерлері мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Кинологиялық қызметтің күшімен жан-жақты тексеру жүргізілді. Алайда, жарылғыш зат туралы хабар расталмады. Таңғы сағат 09:00-де әуежай жұмысы шаттық режімге көшті.