Алматы халықаралық әуежайының мүлкі 11 миллиард 970 миллион 289 мың 748 теңге сақтандырылды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Allianz Қазақстан» сақтандыру компаниясы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ жүргізген мүлікті сақтандыру тендерінде лот жеңімпазы болып танылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ мүлікті сақтандыру қызметін сатып алу бойынша жүргізген тендерге 8 компания қатысқан болатын. «Allianz Қазақстан» компаниясы «Мүлікті сақтандыру» лотында жеңіске жетті. Тендер нәтижесінде акционерлік қоғамның мүлкі 11 миллиард 970 миллион 289 мың 748 теңге сомасына сақтандырылатын болды.

Енді сақтандыру компаниясы Алматы халықаралық әуежайының бүкіл мүліктік кешенін сақтандыру шартын жасайтын болады. Оған атап айтқанда, көлік құралдары, терминал құрал-жабдықтары, трансформаторлық аралық стансы, траптар, жүк машиналары мен қонақ үйлер, ұшып жету ғимараты, VIP ғимараты және тағы басқа да мүліктер еніп отыр. Онда сақтандыру төлемі - өрт, найзағай, жарылыс, жер сілкінісі, дауыл, қатты жел, су тасқыны, сел, су басу, ақаулы су құбыры жүйесі, кәріздік, жылыту жүйелері келтірген залал, сақтанушы мүлігіне көрші тұрған немесе бөгде ғимараттардан судың кіруі, бұзып ұрлау, тонау, қарақшылық, басқарылатын ұшу аппараттарының немесе олардың сынықтарының және олардан түскен заттардың құлауы сияқты жағдайларда жүзеге асырылмақ.