Алматы халықаралық әуежайының тарихи құрылымы сақталады - әкімдік
15:04, 06 Сәуір 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполистегі әуежай ғимаратын жаңарту кезінде тарихи құрылымы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрылыс компаниясына тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану заңнамасына сәйкес, әуежайдың өткен ғасырдың 30-жылдарында ерекше сәулеттік стилімен салынған бірегей ғимаратын сақтау бойынша ұсыныстар берілді», - дейді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері.
Еске салайық, Алматы әуежайы осыдан бір жыл бұрын түрік компаниясының меншігіне өткен болатын.
Компания жобасына жаңа терминал салу және жұмыс істеп тұрған әуежайды жаңғырту, өткізу қабілетінің шектеулерін жою, бағыттарды кеңейту, рейстер санын ұлғайту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары кіреді.