Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген керікке қазақша есім берілмек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағында керік дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі зообақтың баспасөз хатшысы Айгерім Ниязбековаға сілтеме жасап.

Айгерім Ниязбекованың айтуынша, керіктің баласы 8 тамыз күні дүниеге келген.

«Бұл оқиғаны жасырып, айтпадық. Себебі, жаңадан дүниеге келген жануар туралы бірден жар салып, жариялауға болмайды. Оның өскенін, буыны қатайғанын күту керек. Енді оған есім қоятын боламыз. Әлеуметтік желі арқылы байқау жариялап, қатысушылар ұсынған әдемі атты таңдаймыз. Оған қазақша қыз баланың есімін қоятын шығармыз», - деді зообақ баспасөз хатшысы.