Алматы хайуанаттар бағында Халықаралық амур жолбарысы күні атап өтілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағының ұжымы Халықаралық «Амур жолбарысы мен Амур леопарды күні» мейрамын атап өтті.

Бұл жайлы мекеменің баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов хабарлады.

Атаулы күнге орай «Тигренок» спорт клубы мен «Айгөлек» би тобының, қуыршақтар театрының ұжымы, сондай-ақ №79» мектеп-гимназияның оқушылары өнер көрсетті.

Михаил Сорокоумовтың айтуынша, бүгінгі таңда бақта 7 амур жолбарысы бар. Олардың 4-і ересек, қалған 3-і 15 айлық ұялас аландар. Ал, Амур леопарды жалғыз.