Васек пен Момын деп аталатын ягуарлардан туған төлдерге Мика және Мәди деген атаулар таңылған. олардың бірі - еркек, бірі - ұрғашы.
«Олар 9 шілдеде туған, бірақ біз қазір ғана айтып отырмыз, өйткені өте ырымшылмыз және төлдердің өсуін күттік.
Мика әкесіне ұқсайды, терісінің түсі қара, ал Мәди анасы сияқты, терісі - теңбіл. Бірақ Миканың мінезі анасына тартқан, өте мейірімді, ал Мәди анасына ұқсаса да, әкесі Васек сияқты шапшаң әрі бұзық», - деп жазды зоопарктен.
Мамандардың мәліметінше, жалпы ана ягуар мен төлдердің жағдайы жақсы. Кез келген үй марғаулары сияқты, Мәди мен Мика да бір-бірімен немесе анасының құйрығымен ойнағанды ұнатады.
Айта кетерлігі, бұл жануарлар Оңтүстік Американың жылы елдерінен әкелінген. Олар қыста «Жыртқыш сүтқоректілер» павильонында тұрады.