«Алматы» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Алматы» хоккей клубының бас бапкері Владимир Князев қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шайба.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 40 жастағы отандық маман команданы өткен жылдың желтоқсан айының соңында қабылдаған болатын. Оның басшылығымен алматылықтар Қазақстанның тұрақты чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады, ал плей-оффтың бірінші кезеңінде «Торпедодан» жеңіліп қалды.