Трансұлттық корпорациялардың көшбасшылары Алматының инвестициялық климаты жөнінде пікір бөліседі.
Форум барысында түрлі бағыттағы 5 сессия өткізу жоспарланып отыр: «Туризм», «Өнеркәсіп», «Сату және қызмет көрсету», «Тамақ өнеркәсібі», «МЖС».
Еске сала кетейік, өткен жылы инвестициялық форум «Шетелдік инвестициялар және оларды тарту» тақырыбында өткен болатын. Оған халықаралық қаржы институттарының, қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қауымдастығының, мемлекеттік органдар мен қазақстандық және шетелдік бизнес-секторлардың 140-қа жуық өкілі қатысқан.