АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ләззат Жылқыбаева білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ләззат Жылқыбаева еңбек жолын 1996 жылы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары ол мұғалім, колледж директорының орынбасары, Алматы қаласы білім басқармасының маманы және бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Ләззат Жылқыбаева Алматы қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.