Бақтияр Мәкен бұған дейін Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының бастығы қызметін атқарып келді. 1981 жылдың 22 қарашасында туған. 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірді. 2007-2009 жылдары «Болашақ» жастар бағдарламасымен - АҚШ-та «Мемлекеттік басқару мамандығы» бойынша магистратурада білімін жетілдіріп келді.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде мәдени ұйымдастырушы болып бастаған, одан кейін университеттің жастар ісі әкімшілігі төрағасының орынбасары, басқа да жастар ұйымдарының жетекшісі болды.
2007 жылы «Нұр-Отан» ХДП «Жас Отан» қалалық қанатын басқарды. 2010-2012 жылдың Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқармасын басқарған.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының бастығы лауазымын атқарған Кенжехан Матыжанов «Нұр-Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.