54 жастағы Юрий Тілеумұратов Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Әр жылдары салық органдарында істеді. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу Комитетін басқарды. Сондай-ақ, жеке аудиторлық және консалтингтік компанияларда қызмет атқарған. 2013 жылдың қазан айынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Шағын және орта бизнесті дамыту Комитеті Хатшылығының хатшысы болып жұмыс істеді.
Бұл қызметте өзін жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық қабілеті бар кәсіпқой басшы екендігін көрсетті.
Юрий Тілеумұратовты тағайындалуымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер Палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов құттықтап, сәттілік тіледі.