Қала мәслихатының ақпаратына сәйкес, «Сайлау туралы» Заңға және «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімі бойынша Алматы мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы сайланды.
Айгүл Шалбаева – медицина ғылымдарының кандидаты, аталған салада 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы Медицина институтын «Емдік ісі» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Алматы қаласындағы теміржол ауруханасында дәрігер-гинеколог қызметінен бастады. Қазіргі уақытта Айгүл Шалбаева «Керуен-Medicus» көпсалалы медициналық орталығының басшысы қызметін атқарады.
Сонымен қатар сессияда депутат Жандос Нәдіров денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының жаңа төрағасы болып сайланды.