АЛМАТЫ. ҚазАқпарт – Алматыда «бомба қойылды» деген сот ғимаратын қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты. Нәтижиесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазбек би көшесінде орналасқан сот ғимаратындағы тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр. Оған қатысты шара қолданылатын болады», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұған дейін Алматы қалалық сот ғимаратынан судьялар мен қызметкерлердің эвакуацияланып жатқаны туралы жазған болатынбыз .
Фото: almaty.sud.kz
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.