Бұл туралы ҚР Президенттігінен кандидат Мэлс Елеусізовтың баспасөз хатшысы Әлиә Қиықова хабарлады.
Мәселен, ВАЗ ауданының тұрғындары қаланың әуе бассейнінің экологиялық ахуалы, нақтырақ айтсақ, жақын жерде орын тепкен станок жасау зауыты шығарып жатқан зиянды заттардың әсері жайлы баяндады.
Жетісу ауданының тұрғыны Валерий Шилов хабарлағандай, оның үйінің жанында «Ақтас М» ЖШС орналасқан, ол ауаны ластап қана қоймай, ауданның инфрақұрылымы, оның ішінде орталық кәрізді ластап, бүлдіріп отыр. Валерий сонымен қатар кандидатқа кәсіпорын басшысының пайдасына шешілген сот шешімін де ұсынды.
Покровка селосының тұрғындарын бірқатар проблемалар толғандырған екен, олардың арасында жолдардың жарықпен қамтамасыз етілмегендігі, сонымен қатар ауруханалар, балалар бақшалары мен мектептердің жоқтығы мазалаған.
«Осы және өзге де мәселелерді шешу қажет, және ол мемлекет деңгейінде шешілуі тиіс. Мен бұл проблемалардың түйінін тарқатуға тырысып бағамын, өйткені олар адамдардың толыққанды, бақытты өмір сүруіне кедергі жасап отыр», - деп атап өтті Мэлс Елеусізов.