Нариман Табынбаев Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап басқарды.
Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.
1988-1994 жылдары эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухана бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.
1994-1997 жылдары Алматы облысының орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.
1997-2002 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.
2014-2015 жылдары елордадағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2015-2018 жылдары астанадағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.
2018-2020 жылдары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды.