Оның айтуынша, есепті кезең ішінде қоғамның рухани-мәдени және идеялық бірлігін нығайтуға бағытталған, қаламызға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, мемлекеттік мейрамдарды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде бірқатар шаралар жүргізҚазіргі кезде қаланың мәдениет басқармасының құзіретінде 15 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын қызмет атқаруда. Сонымен қатар басқарма қала безендіру және сыртқы-келбетті жарнама мәселелері жөніндегі өкілетті орган болып табылады. Есептік кезең мерзімінде ескерткіштерді қорғау және тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық мәдени мұраны танымал ету жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылған. "25 қалалық кітапханаға 1497380 теңгеге 6661 дана әдебиет сатып алынды, оның 3565-і мемлекеттік тілдегі кітаптар. Сондай-ақ қаланың 4 мұражайында 660 экскурсия, 36 дәріс, 54 көрме өткізіліп, оған 17 мыңнан астам адам қатысты. Фотоқұжаттық және заттық қордың электрондық базасын құрастыру мен сирек кездесетін фотосуреттерді электрондық тасымалдаушыларға ауыстыру жөніндегі жұмыстар да жалғасып жатыр", деп атап өтті Қ.Күлбаев.
Жиын барысында басқарма басшысы депутаттардың қаланы безендіру мен сыртқы-келбетті жарнама мәселелері төңірегінде қойылған сұрақтарына жауап берді.
18:49, 27 Қазан 2010
Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы қалалық мәслихатта есеп берді
АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Қайрат Күлбаев қалалық мәслихатта соңғы 9 айда атқарылған істер жайында есеп берді.