Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді: сайлаушылардың 51,94 % «Amanat» партиясына дауыс берді, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2, 83 % дауысқа ие болды. «Respublica» партиясы сайлаушылардың 13,15 % дауысын алды, «Қазақстан халық» партиясы 13, 22% Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 7, 97 % және «Ақ жол» партиясы 5,23 % дауыс алды.
Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың айтуынша, «Amanat» партияся 12 депутаттық мандат алды, «Respublica» мен «Қазақстан халық» партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2 мандат, Ал «Ақ жол» партиясы 1 мандатқа ие болды.
16:06, 24 Наурыз 2023
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыcы жарияланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды және дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.