«Алматы қаласында 39 мәслихат депутатының орнына осы партиялардың ішінен төртеуі кірді. Nur Otan партиясынан 29 орын, Қазақстанның «Aқ жол» демократиялық партиясынан 4 орын, «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясынан 3 орын, Қазақстан Халық партиясынан 3 орын белгіленді», - деді Жанна Асанова.
Айта кетейік, Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 5 саяси партиядан 118 кандидатты тіркеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына 31 мандат қамтылғаны айтылды.