Оның атап өтуінше, осы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн 855 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны - 22 млрд теңге.
«Осы жылы өңірлерге 2,6 трлн теңге сомасына жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 сәуірге 490 млрд теңге бөлінген. Оның 99 пайызы игерілген», - деді ол.
Министрдің дерегінше, бөлінген қаражаттың атқарылмағаны – 5 млрд теңге, оның ішінде 2 млрд теңге үнемделсе, 3 млрд теңгесі игерілмей қалған.
«Ең көп игерілмеген сома Алматы қаласында, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді Ерұлан Жамаубаев.