Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменттерінің басшылары ауысты
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұған дейін ол аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының бұйрығымен Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басшысы болып Волков Александр Николаевич тағайындалды.
Бұл тағайындауға дейін А. Волков аталған департамент басшысының міндетін атқарушы болды. Ал оған дейін Комитеттің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының жетекшісі қызметін атқарды.
Аумақтық кедендік органдардың жетекшілерін тағайындау және қызметінен босату кадрларды ротациялау шеңберінде іске асырылуда және жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Кадрларды ротациялау өзге де аумақтық органдарда жалғасын табады. Бәрінен де құқық қорғау қызметін жақсарту, республикалық бюджет есебіне түсетін кедендік төлемдер мен салықтарды өндіру, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша Департаменттердің жұмыс нәтижесін жоғарылату талап етіледі.