деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы қаласын қоршап жатқан таудың төбесінде ғалымдар тілінде «№6-шы» деп аталатын көл бар. Осы №6 балшықты көлінің бүгінгі жағдайы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Өйткені, бізге жеткен мәліметтерге қарағанда, аталмыш көлге жинақталған мұз суы қалаға зор қауіп төндіреді. Егер 1973 жылы Медеу шатқалындағы бөгет 4,5 млн. текше метр лай тасқынын тоқтатқан болса, №6 көлде мұздықтар еруінен жинақталған судың тереңдігі 23 метрден асқан. Ғалымдардың пайымдауынша, лайлы батпақтың жиналған ауқымы бұрынғыдан екі есеге дейін асып отыр», деді депутат.
Осыған орай, З. Бәлиева аталмыш көлден туындайтын қауіптің алдын алу шаралары әлі де жеткіліксіз екендігін айтты. «Осы көлге қатысты 1921 жылы, 1963 және 1973 жылдары орын алған оқиғаларды, сондай-ақ «Қызылағаш» апатын естен шығармауға тиіспіз», деген депутат Төтенше жағдайлар министрін Мәжілісте ауызша жауап беруге шақырды.