АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы Дін істері департаментінің директоры Нұржан Жапарқұл Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Құлмұхаммед Маханбетпен кездесті.
ҚР Дін істері агенттігінің мәліметінше, кездесуде Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Әділет департаментінде есептік қайта тіркеуден 25 мешіттің өткенін хабарлады. Бұдан бөлек «әл-Хамид» мешіті жаңадан тіркелді.
Осылайша, Алматы қаласы аумағындағы 26 мешіт ҚМДБ-ның филиалдары ретінде тіркелді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.