Алматы қаласында «Болашақ» қауымдастығының ІІ жыл сайынғы қайырымдылық балы өтеді
Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызеті хабарлады.
«Нұр» балалар үйі 1998 жылы ашылды. Тұяқ Есқожина мен оның күйеуі Әнуарбек Байсарин Алматы қаласындағы пәтерін сатып, Талғар қаласында балалар үйін ашты. Балалар үйінде 110 бала тәрбиеленеді, жасы кішілері жалпы білім беру мектептерінде оқыса, ересектері колледждер мен жоғары оқу орындарында оқиды. Балалар үйі кеңес уақытында салынған балабақшада орналасқан. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары қажет, балалардың ойын алаңы жоқ. Балдан жиналған қаражат балалар алаңының құрылысы мен терезелерді ауыстыруға жұмсалады. Балалар үйі жайында толық ақпаратты nur-talgar.narod.ru сайтынан алуға болады.
Бұл бал болашақтықтардың Астана және Алматы қалаларында қайырымдылық балдар өткізу дәстүрінің жалғасы болып табылады. Негізгі мақсат - балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін қаражат жинау. Біздің міндетіміз - қоғамның назарын балалар үйлерінің мәселелері мен елімізде қайырымдылық мәдениетінің дамуына үлес қосу.
Өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткізілген V қайырымдылық балында 12 млн. 608 мың теңге жиналды. Бұл қаражат «SOS Астана балалар қалашығының» 11 тәрбиеленушісінің университеттер мен колледжерде оқуы, концерт алаңының құрылысы қаржыландыруға жұмсалды.
Бал бағдарламасында - мерекелік концерт, қайырымдылық аукционы, бағалы сыйлықтар лотереясы, мерекелік кешкі ас ұйымдастырылмақ. Қайырымдылық аукционында қазақстандық сурет шеберлерінің еңбектерімен бірге балалардың суреттері де сатылады. Олардың сатылуынан түскен қаражат реабилитациялық құрал-жабдықтар мен мүгедек балалар ата-аналары қауымдастығының көркем өнер шеберханасының қажеттіліктеріне жұмсалады.
Кешке қонақ ретінде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының, Құрмағазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ұжымдары, оның ішінде «Қазына» вокалдық ансамблі, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, қазақ ұлттық аспаптарының оркестрі, «RIME» және «Dance plaza» топтары.
Ұйымдастырушылар: «Болашақ» қауымдастығының Алматы филиалы, «Inter Continental Almaty» қонақ үйі.