деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, кеше, ақпанның 12-сі күні сағат 09.44-те Түрксіб ауданындағы Осипенко көшесінде орналасқан «Мейрам» дәмханасында өрт шыққан. Жалын жеке тұрған ғимараттың 60 шаршы метр аумағын шарпыды. Оның салдарынан түрлі күйік жарақаттарын алған 3 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жау ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 40 минутта ауыздықталды.