деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Айлықтың мақсаты - қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету мен қолдауды белсенді ету. Онда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастырылады. Біздің ауданымызда қазіргі таңда 36 мыңнан аса зейнеткер және 6 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар", дейді Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев. Оның айтуынша, бұл айлық кезінде олар аудан қарттарын қала мейрамханаларында түстендіріп, орнынан қозғала алмайтын қарттарға арнайы ас дайындатып оны үйлеріне апарып бермек. Сондай-ақ ардагерлерге қала кинотеатрларында фильмдерді тегін көруге мүмкіндік жасап, мүмкіндігі шектеулі балаларға цирк қойылымдары мен аттракциондарға тегін билет үлестіргелі отыр.