Алматы қаласында инновациялық қызметтің дамуын жүзеге асырудың барлық құралдары бар - Ахметжан Есімов

/strong>Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда инновациялық қызметтің дамуын жүзеге асыратын ғылыми -техникалық әлеует бар.

Бұл бүгін Алматы қаласының І Инновациялық конвентінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматыда экономиканың дамуына қажетті мамандықтарды оқытатын белді жоғары оқу орындары шоғырланған. Қазіргі кезде университеттер, қолданбалы және академиялық институттар жанында кіші бизнестің ғылыми-техникалық және инновациялық мекемелері құрылып, технопарктер ашылып жатыр. Жақында Алматы қаласындағы инновациялық дамудың тұжырымдамасын жасап, инновациялар мен жаңа технологиялар бойынша ғылыми кеңес құруға шешім қабылданды. Кеңестің жұмысы аясында біз бүгін куә болып отырған Алматы қаласының 1-ші инновациялық конвентін өткізудеміз", деді қала әкімі Ахметжан Есімов. Оның пайымдауынша, республикалық инновациялық даму қозғалысының Алматы қаласынан бастау алуы заңдылық. Оған барлық дамыған елдерде ерекше мән беріледі.АҚШ, Германия, Франция сияқты мемлекеттердің инновациялық шығындары жалпы ішкі өнімнің 2,5 пайызын құрайды. Қазақстанда ол 10 есе кем.