Алматы қаласында қонақ үйде өрт болды, құрбандар жоқ - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, күндіз Алматы қаласындағы екі қабатты «Корона» қонақ үйінің жертөлесінде өрт болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өртке қарсы қызметі тілсіз жауды бір жарым сағатта ауыздықтады. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылардың айтуынша, өрт кезінде 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.