Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шараға ҚР ТЖ министрі В. Божко, Алматы қаласының әкімі орынбасары Ю. Ильин, ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Э. Гукасов, география ғылымының докторы, профессор, «География институты» ЖШС-ның директоры А. Медеу, «Базис А» АҚ президенті А. Белович қатысты, сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ-де бұрын қызмет еткен басшылар, Қазақстан халқы мен аумағын инженерлік қорғаумен айналысатын ғылыми және жобалау ұйымдарының өкілдері шақырылды.
ҚР ТЖ министрі конференция қатысушыларының алдында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан құттықтау хат оқыды.
«Қазселденқорғау» ММ-нің қатысуымен соңғы 40 жылда 100-ден астам инженерлік-қорғау құрылыстарының, оның ішінде біздің республиканың оңтүстік өңірі тыныс-тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен «Су тасқынына қарсы Көксарай су реттегіші», «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау» стратегиялық нысандарының жобасы жасалды және салынды.
«Қазселденқорғау» ММ қызметкерлерінің жұмысы төтенше ден қою және біздің елдің халқы мен аумағын көшкін, сел, сырғыма қауіптерінен қорғау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Конференция барысында «Қазселденқорғау» ММ-нің бастығы Т. Баймолдаев «Селге қарсы іс-шаралардың негізгі бағыттары» тақырыбында баяндама жасады. Қазселденқорғау 1973 жылы ҚазКСР министрлер кеңесі (Қазбасселденқорғау) жанындағы селденқорғау құрылыстарын салу және оларды пайдалану бас басқармасы ретінде құрылғаны атап өтілді.
Табиғаттың дүлей құбылыстарына төтеп беретін ұйымды құру көрнекті мемлекет қайраткерлері Д. Қонаевтың, Б. Әшімовтың, А. Косыгиннің, Ұ. Қарамановтың басшылығымен жүзеге асты.
Табиғаттың төтенше жағдайынан халық пен территорияларды қорғау жүйесінің дамуына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев үлкен үлес қосты
Бүгінгі күні «Қазселденқорғау» ММ-де 135 жыл бойғы және маусымдық мұздықтар, мұздақ және мұздық көлдер, сел бассейндері мен ошақтарының жай-күйін, гидрометеорологиялық жағдай мен қауіпті құбылыстарды қадағалау пункті бар. Селқауіпті кезең бойы аумақтарды аэрошолу тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Конференция аясында ҚР ТЖ министрі «Қазселденқорғау» ММ-нің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне, естелік белгілері мен ведомстволық наградалар тапсырды.