ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласында 7-10 қарашада өткен балалар мен жасөспірімдердің «Күз береке» республикалық І ән-би байқауында батысқазақстандықтар қос бірдей бас жүлдені иеленді.
Облыстық халық шығармашылығы орталығынан хабарлағанындай, «Қызғалдақтар» үлгілі би ансамблінің үлкен тобы бас жүлдені жеңіп алса, орта тобы бірінші орынға көтерілді. Ансамбльдің негізін қалаған әрі жетекшісі - Райхан Қожекешева.
Эстрада жанры бойынша Оралдағы №42 орта мектеп оқушысы Ерсұлтан Мырзағалиев үшінші орынды иеленсе, вокал жанрынан №30 орта мектеп шәкірті Бекболат Жантілеуов тағы бір бас жүлдені қанжығаға байлады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).