Алматы қаласында тұрғын үйде болған өртте 4 адам, оның ішінде екі бала көмірқышқыл газына уланды - ТЖМ

АНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында тұрғын үйде болған өрт салдарынан 4 адам, оның ішінде екі бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 8 қараша күні кешкі сағат 9 шамасында Әуезов ауданы Әбіров көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 5 шаршы метрді құрады.

Тілсіз жау Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымдардың 4 адамы мен 1 техниканың күшімен жарты сағаттың ішінде ауыздықталды.

Иіс тиіп уланған 12 және 13 жастағы екі бала мен 32 жастағы екі азамат ауруханаға жеткізілді.