Алматы қаласындағы Қазақ-американ университетінде жұмыскерлер белгісіз газбен уланып ауруханаға түсті - ТЖМ

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Қазақ-американ университетінде жұмыскерлер белгісіз газбен уланып ауруханаға жеткізілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабардар еткендей, тамыздың 4-і күні 15 сағат 35 минутта Бостандық ауданы Торайғыров көшесі, 29 мекен-жайында орналасқан Қазақ-американ университетінің канализациялық құдығын тексеру барысында, 30 және 32 жастағы екі санитарлық техник белгісіз газбен уланып, ауруханаға жеткізілген.