Алматы қаласындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ірі өрт болды

АСТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күні Алматы қаласындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ірі өрт болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, қазанның 24-і күні таңсәріде Котельников көшесінде оналасқан«Еуразия Финанс Кэпитал» ЖШС-ның полимерлі заттарды сақтауға арналған қойма ғимараттарында өрт шығып, жалын 800 шаршы метр аумаққа жайылды.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалын Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымдардың жеке құрамдағы 60 адамы мен 16 техниканың күшімен үш сағаттан кейін сөндірілді.