Алматы қаласының 2014 жылғы бюджеті бекітілді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мәслихат депутаттарының XXXIII сессиясында қаланың 2014 жылғы бюджеті бекітілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жиын барысында республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің көлемі 3 млрд. 166 млн. 695 мың теңгеге қысқартылды.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттің 3 млрд. 787 млн. 022 мың теңге көлеміндегі шығыны оңтайландырылды. Оның 1 млрд 830 млн 313 мың теңгесін Алматыдағы басым бағыттарды қаржыландыруға бағыттау қажеттігі шешілді», - делінген хабарламада.

Осылайша Алматы қаласының 2014 жылғы бюджеті 432 млрд 067 млн. 388,4 мың теңгені құрады. Ал, қаланың нақты бюджеті 356 млрд. 471 млн. 200,4 мың теңге болып отыр.