Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджет жобасы бекітілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы мәслихатының LVIII сессиясында алтынышы шақырылымның депутаттары қаланың 2021 жылға арналған бюджет жобасын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының мәліметтері бойынша, қаланың келесі жылға арналған бюджеті шамамен 823 млрд теңгені құрайды. Оның 46% -ы әлеуметтік салаға бағытталған.

Жалпы қала бюджеті 823 млрд теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы бюджет 383,6 млрд теңге, даму бюджеті 105,3 млрд теңге, қалаға республикалық бюджеттен 143,7 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді, бұл биылғы жылға қарағанда 10,2% артық.

Білім саласына 182,5 млрд теңге бөлінді. Денсаулық сақтау саласына 31,3 млрд теңге қарастырылды.Халықты әлеуметтік қорғауға 39,9 млрд теңге.

Қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдікпен және ақысыз жүру үшін өтемақы төлемдеріне 3 млрд теңге. Әлеуметтік маңызы бар 159 маршрут бойынша қоғамдық көлікті субсидиялауға және метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға 23,9 млрд теңге бөлінді.

Бұқаралық спортты дамыту аясында 17,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 10 арнайы мектеп пен бір мектеп-интернат бар.

Көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету - 33 млрд теңге. Оның ішінде қазіргі бюджет - 25,7 млрд, даму бюджеті - 7,3 млрд теңге. 2021 жылы 86,6 шақырым жол салу мен жөндеу жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға - 47,8 млрд теңге қарастырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жыл сайын 8,8 млрд теңгеге кепілдендірілген несие арқылы салу көзделген.

Мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыруға 6,4 млрд теңге қарастырылды. Абаттандыруға 28,8 млрд теңге бөлінеді. Қауіпсіздікке 18,8 млрд теңге, оның ішінде қоғамдық тәртіп пен күзет және төтенше жағдайлар нысандарын салуға 1,7 млрд теңге, төтенше жағдайларды қамтамасыз ету мен алдын алуға - 2,1 млрд теңге.

Кәсіпкерлікті дамытуға 8,1 млрд Цифрландыру саласына 1,9 млрд теңге бөлінеді.

Мәслихат депутаттары бірауыздан бюджет жобасын қабылдады.