АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі мен халықаралық қаржы ұйымы (IFC) «жасыл» облигациялар түрінде ұзақ мерзімді коммерциялық сыртқы қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Келісім аясында IFC ұлттық валютада ұзақ мерзімді сыртқы қарыз алуды тарту үшін заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында қала әкімдігіне өтеусіз техникалық қолдау көрсетеді.
«Қазіргі кезде Орталық Азиядағы алғашқы муниципалдық «жасыл облигация» түрінде әлеуетті сыртқы қаржыландыру бойынша пилоттық транзакцияны дайындау жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыс тұрақты және жасыл инфрақұрылым қалыптастыруды талап ететін Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді»,- деп хабарлады Алматы әкімдігінен.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.