Алматы қаласының әкімі Мемлекет басшысына қаладағы индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысын таныстырды

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовты қабылдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

А.Есімов Президентке қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы, көлік инфрақұрылымының дамуы, қаладағы индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, VII қысқы Азиада ойындарының қарсаңында салынған Алматының спорттық инфрақұрылымдарының дамуы жайлы ақпарат берді.