Алматы қаласының Алатау аудандық ІІБ жаңа ғимаратқа қоныстанды
15:52, 10 Желтоқсан 2011
АЛМАТЫ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласының Алатау аудандық Ішкі істер басқармасы жаңа ғимаратқа қоныстанды.
Ғимарат үш бөліктен тұрады. Мұнда енді, Ішкі істер басқармасы, жол полициясы бөлімі мен миграциялық полиция бөлімі отыратын болады. Жаңа нысанда мұрағат, қойма, кезекші бөлім, СИЗО, асхана, 230 орынды конференц-зал, сондай-ақ спорт залы бар.