Жаңа ғимарат 4 қабатты, 1-ші және 2-ші қабаттарда аудандық сот, ал, 3-ші және 4-ші қабаттарда аудандық прокуратура орналасатын болады. Ғимараттың жалпы алаңы - 3090 шаршы метр. Жаңа үй халыққа қызмет көрсету үшін барлық оргтехникамен, басқа да заттармен толық қамтамасыз етілген.
Алматының ең жас ауданы болып табылатын Алатау ауданында бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсететін барлық өкілетті органдардың мекемелері бар.