Алматы қаласының аумағында бұқырлау өткзілуде
19:37, 01 Қазан 2012
АЛМАТЫ. 1 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының аумағында ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі мен 21 қазанына дейін егеуқұйрықтар мен тышқандарға қарсы бұқырлау шаралары өткізілуде.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарға кеміргіштердің мекендейтін негізгі орындары: санитарлық-техникалық жағдайы бойынша нашар барлық жекеменшік иелігіндегі үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері зарарсыздандырылуда.
Өткізіліп отырған шаралар кеміргіштердің азаюына септігін тигізуде. Сондай-ақ бұқырлау фирмалары қала аумағында келісім-шарт негізінде көпшілік тамақтанатын, сауда орындарында, бөбектер үйлерінде, мектептерде, медициналық ұйымдарда және басқа нысандарда тазалық шараларын өткізуде.