Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Құжатқа сәйкес сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етілген.
Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Адам толымдылығы 30% -дан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі.
Сауда ойын-сауық орталығында орналасқан нысандарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің (жабық) қызметтері сағат 7: 00-ден 23: 00-ге дейін шектеледі. Ол нысандарда соңғы төлем сағат 22:00-де дейін жабылуы керек. Әр үстелдегі 4 орын отыруға рұқсат. Әлеуметтік қашықтық, маска режимі, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.
50 адамға дейін қатысатын мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына (репетиция), залдарды 30% -дан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілген.
Қаулының толық мәтіні мына сілтемеден оқуға болады.