Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының бас сәулетшісі қызметін атқарушы болып Айтілеу Жанат Әбдіхалықұлы тағайындалды. Ол бұған дейін осы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Айта кетелік, Ғабит Садырбаев 1954 жылы туған. В. И. Ленин атындағы Политехника институтын тәмамдаған. Мамандығы - сәулетші. Политехника ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1977 жылы Алматы қаласындағы «Казгорстройпроект» жобалау институтында сәулетші болып бастаған.
2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2012 жылдан бері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» атағын иеленген.